дүйсенбі, 25 қараша, 2024 8:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бердібек Сапарбаев АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

Бердібек Сапарбаев АҚШ-тың Бас консулымен кездесті
ашық дереккөзі
Бердібек Сапарбаев АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

Биыл АҚШ пен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынасқа 30 жыл толып отыр. Екі ел арасындағы ресми байланыс 1991 жылдан бастау алды. АҚШ сол кезеңде енді ғана өз тәуелсіздігін алып, дербестігін таныта бастаған Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға қызығушылық білдіріп, алғашқылардың бірі ретінде елшілік қатынастарын ұсынған.  Содан бастап, Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы ортақ байланыс үлкен қарқын алып, бүгінге дейін жоғары деңгейде сақталып келеді.

Айтулы датаға орай, Жамбыл облысына Америка Құрама Штаттарының Алматы қаласындағы өкілдігінің Бас консулы Эрик Майер жұмыс сапарымен келді. Аймақ басшысының қабылдауында болып, өңірдің АҚШ-пен өзара қарым-қатынасын жандандыру жолында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгіме өрбітті. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сараланды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев екі ел арасындағы алыс-берістің, ынтымақтың бүгінгі таңда беки түскенін, әсіресе, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және басқа салаларда ілгерілеу бар екенін атап өтті.

Америка Құрама Штаттары Қазақстан егемендік алған күннен бастап жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын тілге тиек етіп, Тәуелсіз Қазақстанды АҚШ-пен экономикалық әріптестік үлкен жетістіктерге жетелегенін жеткізді. Бұл орайда елімізге салынған тұңғыш ірі инвестициялардың бірі ретінде – «Шеврон» компаниясын атап өтуге болады. Компания құрылғалы өркениетті еңбек қарым-қатынасы, мықты мамандардың легі қалыптасты. Өндіріске озық технологиялар енді.

АҚШ-тағы халықаралық ұйымдар еліміздің, облысымыздың әлеуметтік саладағы мәселелердің шешілуіне үлкен ықпалын тигізуде.

Өз кезегінде, облыс әкімі өкілге өз ризашылығын білдірді.

АҚШ-тағы секілді бүгінгі таңда Қазақстанда да кәсіпкерлік саласына айрықша көңіл бөлінгенін айта келе,  кәсіпкерлерге жағдай жасау, қолдау көрсету, кедергілерді азайту бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаруға дайынбыз, – деді Бердібек Сапарбаев.

Эрик Майердын екі мемлекет арасындағы қалыптасқан ынтымақтастық бұдан былай да нығая беретініне сенім білдірді. Бас Консуль бірқатар ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар