жексенбі, 24 қараша, 2024 5:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бердібек Сапарбаев көшеттердің күтім мәселесін сынға алды

Бердібек Сапарбаев көшеттердің күтім мәселесін сынға алды
ашық дереккөзі
Бердібек Сапарбаев көшеттердің күтім мәселесін сынға алды

Жамбыл облысында мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4,4 миллион гектар алқапты алып жатыр. Жалпы республика бойынша 2 миллиард ағаш отырғызу жоспарланса, соның 140 миллионы Жамбыл облысының орман қорына тиесілі екен. Облыс әкімдігінде өткен кезекті жиында осы турасында сөз болды.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков жыл сайын мемлекеттік орман қоры аумағындағы 5300 гектарға орман ағаштары көшеттен және тұқымынан егілетінін айтты.

Орман қорында биыл 3300 гектарға 6,1 миллион көшет отырғызылған.

Бердібек Сапарбаев жылда ағаш көшеттері отырғызылғанымен, оның қанша пайызы көктеп, қаншасының қурап кеткенін ешкім есептемейтініне қынжылыс білдірді. Орман қоры жерлерін егістікке, шабындыққа және мал жайылымына пайдалану жағын да қарастыру туралы тапсырма берді, елді мекендердің айналасына егілген тал-дарақтарды күтімге алуды міндеттеді.

Сонымен қатар басқосуда облыс аумағында өрттердің алдын алу және жою жөніндегі атқарылған жұмыс барысында баяндалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ермек Момбаевтың айтуынша, үстіміздегі жылы 6 табиғи өрт оқиғасы тіркеліп, 14 гектарды өрт шарпыған. Ал Т.Рысқұлов ауданында болған селден ешкім зардап шекпегенін және ешкімнің мүлкіне залал келмегенін жеткізді.

Сондай-ақ, басқосуда мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің директоры Абай Кенжебек өз жұмысы бойынша хабарлама жасады. Оның айтуынша, «Сапсан» тобы құрылғалы табиғатқа залал келтірушілермен күрес жүргізіліп келеді екен. Қызыл кітапқа енген және қорық аумағынан аң-құстарды атқан қаскөйлер оқиға орнында ұсталып, үстерінен іс қозғалып, бір-екеуі түрмеге қамалса, өзгелері айыппұл арқалапты. Топ басшысы қызметтік куәлігін көрсетіп, әлі күнге орманшыларға бағынбай аң атуға тырысатын шенеуніктердің барын, оларға көмектескен орманшылардың қызметтен қуылғанын да тілге тиек етті.

Өз кезегінде өңір басшысы заңға бағынбайтын қызметкерлер мен орманшылардың атын атап, бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жариялауды, оларға тек айыпппұл ғана салып қоймай, тиісті органдармен бірлесіп нақты шара қолдану бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар