Жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев қысқа мерзім ішінде каналдарды, арықтар мен дренаждарды тазалауды тапсырды
- авторjambylinfo.kz
- 8 сәуір, 2021
- 218
Бердібек Сапарбаев қысқа мерзім ішінде каналдарды, арықтар мен дренаждарды тазалауды тапсырды
Наурыздың соңғы онкүндігінде жауған жаңбыр жауапты сала мамандарының көктемгі су тасқынына дайын еместігін анық көрсетіп берді. Бұл жағдай жыл сайын қайталанады, алайда ешқандай қорытынды шықпай келеді. Демек, аймақ тұрғындарының шағымдары орынды. Не себепті мұндай жағдай орын алады, осы мәселені аппараттық кеңесте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қарастырған еді.
Су басудың басты себебі арықтардың, каналдардың, дренаждық желілердің, көпірлер мен шлюздердің уақытылы тазаланбауында болып отыр. Бұған дәлел – Тараз, Байзақ, Жуалы және Талас аудандарында орын алған жағдай.
- Тиісті басқармалар, Төтенше жағдайлар департаменті және басқа да жауапты құрылымдар бар, комиссия жұмыс істейді, бірақ тұрғын үйлер мен учаскелерді су басу жалғасуда, - деп атап өтті өңір басшысы.
ТЖД бастығы Ермек Момбаевтың сөзінше, 2830 шақырым каналдардың, арық және дренаж желілерінің 2431 шақырымы немесе 86% тазартылды. Қалған 399 шақырым ерекше назар аударуды қажет етеді, олар бойынша жұмыстар екі апта ішінде аяқталады.
- Неліктен бұл жұмысты ертерек жүргізу мүмкін болмады, ауа-райы қарайласып тұр емес пе. Комиссия жұмысының нәтижесі қайда, берілген тапсырмалардың орындалуын не себепті ешкім қадағаламайды? Қазір су жинайтын уақыт, алайда су тұрғын үйлерге төгіліп жатыр. ТЖ Департаментіне метеорологтардың деректері негізінде алдын ала жұмыс істеп, жағдайды бақылауда ұстау қажет. Сізде үлкен өкілеттіктер бар, қажет болған жағдайда айыппұлдармен жазалаңыз, - деді Бердібек Сапарбаев.
Ермек Момбаев тұрғын үй секторларын су басу кезінде жағдайды бақылаудан шығарып алғаны үшін Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне жауапкершілікті жүктеді.
Мониторингке сәйкес, Тасөткел су қоймасы 78%, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы – 80%, Киров су қоймасының толтырылу деңгейі 75% құрады.
Жақын маңдағы елді мекендер мен шаруашылық нысандарынан жоғары орналасқан 14 су қоймасында халықты хабардар ету мақсатында ескерту тақтасын орналастыру қажет. «Тасөткел» су қоймасындағы бөгеттің көтергіш қабілеті мен бойының техникалық жай-күйін анықтау үшін зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет. Талас өзенінің Байзақ ауданына қарасты «Қызыл жұлдыз» ауылы тұсындағы су ағысын баяулатқыш бетон тосқауылының жылдан жылға тозығы жетуі ауыл тұрғындарына қауіп келтіруі мүмкін.
Одан әрі талқылау барысында Байзақ ауданының әкімі Нұржан Нұржігітов аталған нысанды жөндеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлудің мүмкін еместігін, аталған мәселе Тараз қаласына қарасты екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Сарыкемер ауылындағы аулаларды су басудың себебі арықтардың жабық болуымен байланысты екенін түсіндірді. Бүгінгі таңда «Байзақ Су» кәсіпорнының көмегімен мәселе шешімін тапқан.
Жуалы ауданының әкімі Олжас Қаржауов каналдарды тазалау кезінде тиісті ұйымдар жергілікті билікпен ақылдаспайтынына шағымданды. Ол Мәмбет су артериясындағы жұмыстарды мысал ретінде келтірді.
Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев негізгі арналарды тазалауға механикалық жасақтардың жәрдемдесуін сұрады, қалған мәселелер бақылауда.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбековтың сөзінше, «Жамбыл су қоймалары» мекемесіне қарасты 19 су қоймасындағы бөгеттерді нығайту, су реттеуіш механизімін жөндеу және ағымдағы жөндеу жұмыстары қажет. Оның жетеуі ағымдағы жылы жөнделсе, қалғаны – келесі жылдың еншісінде.
Жалпы, өткен бес жылда су қоймаларын жөндеуге миллиардқа жуық теңге жұмсалды. Аслан Оразбеков су қоймаларына қызмет көрсету үшін арнайы техника сатып алуды ұсынды. Бердібек Сапарбаев экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына аталған сауалды қарастыруды тапсырды.
Сондай-ақ, ол су қоймаларының қаншалықты толтырылғанын сұрады. 90%-дан астамы 62, қалғаны 30%-дан 50%-ға дейін толтырылған, деген жауап берілді.
- Бүгінгі күннің басты мәселесі – су деңгейін үнемі бақылау және табиғаттың бізге берген ылғалын барынша жинау қажет, - деп атап өтті облыс әкімі.
Ол сондай-ақ механикалық жасақтарды қолданудың тиімділігін сынға алды.
- Механикаландырылған жасақтар тапсырылған жұмысты соңына дейін орындамайды, осы жерде және Жуалы ауданында төтенше жағдай орын алады, - деді Бердібек Сапарбаев.
Олжас Қаржауов Қарақұм каналының алты шақырымы ғана тазартылғанын, қалған 3,5 шақырымын «Қазсушар» РМК көмегімен ретке келтіруге тура келгенін айтты.
- Барлық әкімдер мен жауапты басқармалардың басшылары қысқа мерзімде каналдарды, арықтар мен дренаждық желілерді тазалауды аяқтауы тиіс. Механикаландырылған отрядтардың материалдық-техникалық базасын нығайту, су қоймаларын құлақтандыру жүйелерімен жарақтандыру қажет. Арналарды тазарту аудан әкімдерімен келісілуі керек. Тапсырмалардың орындалуын бақылауды облыс әкімінің орынбасарлары Ұлан Жазылбек пен Берік Нығмашевке жүктеймін, - деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз