дүйсенбі, 25 қараша, 2024 2:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БЕРІК ӘБДІҒАЛИҰЛЫ МЕН ҚУАТ БОРАШ ҚОС АРХИВТІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

БЕРІК ӘБДІҒАЛИҰЛЫ МЕН ҚУАТ БОРАШ ҚОС АРХИВТІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ашық дереккөзі
БЕРІК ӘБДІҒАЛИҰЛЫ МЕН ҚУАТ БОРАШ ҚОС АРХИВТІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі кіші комиссия жетекшісі -Берік Әбдіғалиұлы, Мәдениет және спорт министрлігінің Архивтер ісі және құжаттарды басқару комитетінің төрағасы Бораш Қуат Қаһарманұлы өңіріміздегі қос архивтің жұмысымен танысты. Келген қонақтар алдымен облыстық архивтің мәжіліс залына ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеде 1939 жылы Жамбыл облысы құрылған күннен бергі облысымыздың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін фотоқұжаттар, облыстық архивте жарыққа шыққан кітаптар және арнайы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар» атты көрме-стенд түсіндірілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандары және олардың ақтаулы мәселесі қызу талқыға түсті. Берік Әбдіғалиұлы осы өзекті мәселе бойынша жұмыстың бағдарын түсіндіріп, ұсыныстарымен бөлісті. Мәдениет және спорт министрлігінің Архивтер ісі және құжаттарды басқару комитетінің төрағасы - Бораш Қуат Қаһарманұлы облыстық архивтің екі ғимаратында болып, ғимарат жағдайы, қоймалар мен кабинеттер сыйымдылығын назарға алды. Ғалия АБЫЛАЙ Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы    
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар