жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Берік Нәжімиденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Берік Нәжімиденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды
Фото: t.me/mspotkay
Айта кетейік, Берік Нәжімиденов 2021 жылы Жоғарғы соттың судьясы болып сайланған еді.

  Бүгін Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынуымен Жоғарғы сот судьясы Берік Нәжімеденовті қызметінен босатты, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов жоғарғы палатаның пленарлық отырысында Мемлекет басшысының судьяны қызметінен босату жөніндегі ұсынысын енгізді.

«Берік Төлеуұлы Нәжімеденов — бұрынғы заңгер. Ол Мемлекет басшысының ұсынысымен сот жүйесін жекелеген құқық саласының мамандарымен нығайту мақсатында Жоғарғы сот судьясы болып тағайындалған. Ол қаржылық бақылау саласының маманы. 2025 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Президентінің Жарлығымен Берік Төлеуұлы Әкімшілік істер жөніндегі Конституциялық соттың төрағасы болып тағайындалды. Оны басқа қызметке тағайындалуына байланысты қолдауларыңызды сұраймыз», – деді Малахов.

Сенат депутаттары бұл судьяны қызметінен босату туралы шешімді бірауыздан қолдады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар