Мерекелік іс-шара Берлиндегі этнологиялық мұражайда өтті. Наурызды бірге атап өту идеясын 10 елдің дипломатиялық миссиясы қолдаған. Арасында Орталық Азия елдері, Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Пәкістан және Түркия да бар. Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік салтанатқа Қазақстан елшілігі де қатысты. Ауқымды іс-шарада кісі қарасы қалың болды. Қонақтарға мол дастархан жайылып, әр мемлекет өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстырды. Шетелдіктер әсіресе біздің елшіліктің орнатқан киіз үйіне ерекше қызығушылық танытты. Инсталляция маңында суретке түскендер көп болды. Осымен қатар әр ел өздерінің музыкалық бағдарламасын ұсынды. Қазақстан атынан Германияда оқып жүрген студенттер, біздің дипломаттардың балалары өнер көрсетіп, шетелдіктерді тәнті етті. Осылайша әз Наурыздың қалай тойланатынын көріп біліп, еліміздің салт-дәстүрімен жақын танысқан қонақтар Қазақстанға деген қызығушылығы одан сайын артқанын айтты. Елімізді өз көздерімен көру үшін биыл саяхаттап баруды қалайтындарын білдіріп жатты.
Дереккөз: "24 кз" арнасы
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жастар «Шаңырақ күні» шаңырақ көтерді
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024