Жиында жұмыс тобы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы басым бағыттарға тереңірек тоқталды. Қоғамның қозғаушы күші жастар арасындағы дін жайы бүгінгі күннің басты мәселесіне айналғаны анық. Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев болашақ ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің жеткіліксіздігі жастардың шалыс басуына әкеліп соғатынын айтқан болатын. Қазіргі күні кең таралған діни ағымдар мен діни ұйымдардың белсенді қызметтерінің нәтижесінде кейбір жастарымыз жат ағымның жетегіне еріп отыр.
Қоғамды алаңдатқан күрмеулі мәселе төңірегінде жастарға жол көрсетіп, жөн сілтеп, дұрыс бағыт-бағдар беруді жұрт болып жұмыла қолға алу қажеттігі айтылды.Сондай-ақ топ мүшелері этносаралық арандатушылыққа жол бермей, тілдік, нәсілдік топқа жіктелуді болдырмаудың алдын алу жайын тұрғындармен талқылады.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар маңызды мәселе көтерілді. Оңай жолмен олжаға кенелуді көздеп, лудомания дертіне шалдығушылар дерегі аудан тұрғындарын алаңдатып отыр. Тұрғындардың айтуынша, инфрақұрылым жайы да кейбір ауылдарда ақсап тұрған көрінеді. Одан өзге медициналық-әлеуметтік сақтандыру, қоғамдық жұмыспен қамтылған зейнетке дейінгі жұмысшылардың еңбек өтілінің есептелмеуі, «Күміс жас» жобасымен қамту, мал жайылымының жеткіліксіздігі секілді шешімін күткен мәселелер айтылды.Тұрғындар тарапынан туындаған мәселелер жол картасына енгізіліп, бақылауда ұсталады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбылда робот сот орындаушысы бар
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024