Жаңалықтар
Бейнебақылау, дабыл түймесі және күзет: Мектеп қауіпсіздігі үшін қанша қаражат бөлінеді
- авторjambylinfo.kz
- 29 маусым, 2021
- 317
Бейнебақылау, дабыл түймесі және күзет: Мектеп қауіпсіздігі үшін қанша қаражат бөлінеді
Қазақстанның барлық мектептері бейнебақылау камералармен қамтамасыз етілген, бұл камералардың 55% ғана тиісті талаптарға сай. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты.
«Қазір еліміздің барлық мектептері бейнебақылау камералармен 100% қамтамасыз етілген. Десек те, Білім мен ғылым және Ішкі істер министрліктерінің бірлесіп жүргізген мониторингы осы камералардың 55% ғана талаптарға сай екенің көрсетті. Бұл мәселелерді шешу үшін жергілікті бюджеттерден 1,4 млрд теңге қаражат қарастырылды. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында бейнебақылау жүйелері мәселесі шешімін тапса, Түркістан, Атырау, Жамбыл облыстарында қаражат жеткіліксіз деңгейде қарастырылған. Жергілікті әкімдіктерге тиісті қаражат бөлулерін сұраймыз», - деді Білім министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, Білім беру ұйымдарында дабыл түймелерін орнату жұмыстары жүзеге асуда. Бүгінгі таңда олардың саны – 648. Тек Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында бұл мәселе толығымен шешілген. «Проблеманы шешу үшін жергілікті бюджеттен 980 млн теңге сомасында қаражат көзделген. Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында қаражат толық қарастырылмаған», - дейді А. Аймағамбетов.
Сонымен бірге, министр қалаларда орналасқан білім беру ұйымдарын лицензияланған күзетпен қамту қажеттігін айтты. «Мамандандырылған күзет қызметі бүгінгі күні қала мектептерінің 38%-ында енгізілген. Жергілікті атқарушы органдар қосымша 828 млн теңге мөлшерінде сома бөлді. Бірақ әлі де қосымша қаржы бөлу керек екенің слайдтағы кестеден көруге болады. Қаражат 8 өңірде жеткіліксіз: Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында», - деді министр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Канадада термометр көрсеткіші 46 градустан асып кетті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024