Шахматшы қуанышты хабарды өзінің желідегі парақшасында жариялаған.
Әзірбайжан астанасы Бакуде шахматтан "Баку Опен - 2024" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Бибісара Асаубаева өз категориясында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«"Баку Опен - 2024" жарысы аяқталды. Әйелдер арасында бірінші орынға ие болдым. Қаржылай көмек көрсеткен азаматтарға алғыс айтамын. Қымбатты оқырмандарым, сіздерге қолдау мен сенімдеріңіз үшін көп рақмет. Сіздер кереметсіздер»,-деді ол ағынан жарылып.
Өз кезегінде спортшының жанкүйерлері де оны жеңісімен құттықтап, ыстық лебізін жеткізген.