жұма, 20 қыркүйек, 2024 8:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бибосынов - Дусматов айқасы»: бүгін Бибосынов өзбекстандық қарсыласымен кездеседі

«Бибосынов - Дусматов айқасы»: бүгін Бибосынов өзбекстандық қарсыласымен кездеседі
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Сыралғы қарсыластардың жекпе-жегі Астана уақытымен сағат 00:20- да басталады

3 тамызға қараған түні қазақстандық боксшы  Сәкен Бибосынов жартылай финалда өзбек боксшысы 
Хасанбой Дусматовпен Париж олимпиадасының жүлдесін сарапқа салады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

51 келінің үздіктері бұған дейін бірнеше рет кездескен.

Сәкен Бибосынов Токио олимпиадасының қола жүлдегері болса, өзбекстандық Хасанбой Дусматов Токио Олимпиадасының чемпионы. 

Париж шаршы алаңында өтетін жекпе-жек Астана уақытымен сағат 00:20-да басталады. Бокс жанкүйерлері бұл айқасты "Хабар" арнасынан тамашалай алады. 

Айта кетейік, сондай-ақ, бүгін 80 келіге дейінгі салмақта  Нұрбек Оралбайда жартылай финалда өнер көрсетеді. 

Еске салайық, Париж олимпиадасына  қазақстандық боксшылар 7 салмақ дәрежесінде лицензия ұтып алған. Өкінішке қарай, 5 боксшымыз жарысты аяқтады. Енді 2 боксшымыз олимпиада жүлдесіне Сәкен Бибосынов (60 кг) Нұрбек Оралбай (80 кг) таласады.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар