....

....

сәрсенбі, 28 ақпан, 2024 6:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Бишімбаевтың ісі: Ол қылмысты жасырған және қылмыс туралы полицияға хабарламаған-Бас прокурордың орынбасары

Бишімбаевтың ісі:  Ол қылмысты жасырған және қылмыс туралы полицияға хабарламаған-Бас прокурордың орынбасары
ашық дереккөзі
Бишімбаевтың ісі: Ол қылмысты жасырған және қылмыс туралы полицияға хабарламаған-Бас прокурордың орынбасары
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа "Аса қатыгездікпен адам өлтірді" деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, - деп хабарлайды Жамбылинфо Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. "Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың үстінен "адамды аса қатыгездікпен адам өлтірді" деген бап бойынша (Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы) қылмыстық іс қозғалды. Оның туысы да тергеу изоляторына қамалды. Ол қылмысты жасырған және қылмыс туралы полицияға хабарламаған", - деді бас прокурордың орынбасары Мәжіліс кулуарында. Жандос Өмірәлиев экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туысына қатысты ақпарат бере алмайтынын жеткізді. "Мен (ұсталған адамды - еск.) оның ағасы немесе бауыры деп айта алмаймын. Бірақ оның (Қуандық Бишімбаевтың - еск.) туысы екені анық. Қылмыс болған күні ол онымен (Қуандық Бишімбаевпен - еск.) болған. Алайда ол аса ауыр қылмыс жасалғанын полицияға хабарламаған. Сонымен қатар, күдікті қылмысты жасыруға көмектескен. Қылмыстық іс бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары қосымша ақпарат жариялайды. Аса ауыр қылмыс үшін заңда адамның бас бостандығын ауыру жазасы көзделген", - деді ол. Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол қамауға алынды. 11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/95801/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар