жексенбі, 5 мамыр, 2024 9:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Бишімбаевтың көріпкелі сотқа келе ме?

Бишімбаевтың көріпкелі сотқа келе ме?
Ғаламтор
Ел көріпкелдің сотқа келуін күтіп отыр.

"Азаматтық некедегі" әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді" деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты аяқталуға жақын, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Бишімбаев сот процесі барысында әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні көріпкелге жүгінгенін айтқан еді. 

Тіпті марқұм Нүкенова хал үстінде жатқанда айыпталушы жедел-жәрдем шақырмай, көріпкелдің "бәрі жақсы болады" деген сөзіне сеніп, қателік жасағанын айтқан. 

Қоғамда үлкен резонанс тудырған сот процессін ел онлайн режимде көріп отыр. 

Көпшілік Бишімбаевтың "көріпкелі сотқа келе ме?" деп сұрап жатыр. 

Ал бұл сұраққа сотта жәбірленушілер тараптың адвокаты Жанна Оразбақова жауап берді. 

"Көріпкелдің сотқа келуі екіталай. Келуі де, келмеуі де мүмкін. Бұл маңызды емес. Бастысы, бұл іс сот материалдарына енді", - деді адвокат.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар