Биыл 13 мың шақырым жол жөнделіп, жаңа магистральдар салынады
- авторjambylinfo.kz
- 4 ақпан, 2025
- 299

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның 9,5 мың шақырымы қаржыландырылса, қалған бөлігіне қаражат бөлу мәселесі қарастырылуда. Құрылыс маусымына дейін мердігерлерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізіледі. Жыл соңына қарай республикалық жолдардың 94%-ы, жергілікті жолдардың 91%-ы нормативтік жағдайға жеткізілмек.
Бұған қоса, өткен жылдары басталған Қалбатау – Майқапшағай (405 км), Күрті – Қонаев (67 км), Қызылорда – Жезқазған (398 км), Ұзынағаш – Отар (42 км) секілді ірі жобалардың құрылысы жалғасады. Сонымен қатар, 1 045 шақырымдық жаңа магистральдардың құрылысы басталады.
Министрдің айтуынша, мердігерлерді таңдауда отандық компанияларға және шетелдік әріптестерімен консорциумдарға басымдық беріледі, бұл құрылыс саласының тұрақты дамуына ықпал етпек.
Президент тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға дейін 3 мың шақырым жолды бірінші және екінші техникалық санатқа ауыстырып, реконструкциялау көзделген. Ал 2025 жылы 6,6 мың шақырым жолға ағымдағы жөндеу жүргізіледі, оның ішінде Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Абай облыстарында ауқымды жұмыстар атқарылады.
Ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген Петропавл – Жезқазған (703 км), Қандыағаш – Шалқар (246 км), Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы (156 км), Қарағанды – Аягөз – Боғас (452 км) бағыттары толық жаңартылмақ.
Бұл шаралар елдің көлік инфрақұрылымын жақсартып, экономикалық дамуға серпін береді.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз