сенбі, 21 желтоқсан, 2024 18:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл 3,1 мыңға жуық шақырым автомобиль жолы салынады

Биыл 3,1 мыңға жуық шақырым автомобиль жолы салынады
ашық дереккөзі
Биыл 3,1 мыңға жуық шақырым автомобиль жолы салынады
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы биыл елімізде қанша шақырым автомобиль жолы жөнделетіндігін мәлімдеді.
«2024 жылы шамамен 3,1 мың шақырым автомобиль жолы салынып, жаңғыртылатын болады. Оның шамамен 2 мың шақырымында жөндеу жұмыстарын аяқтап пайдалануға беру жоспарланған», - делінген компанияның агенттік сауалына берген жауабында.
Мекеменің нақтылауынша, жаңғырту жобаларының басым бөлігі өткен жылдан қалып отыр.
«Соған орай жоспарланған барлық жұмыс жүргізілетін болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарған арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» №1108 қаулысымен бекітілген жоспарға сәйкес, 2024 жылға мәлімделген жобаларды жүзеге асыруға қаржы қолдау тапты», - деп нақтылады «ҚазАвтоЖолдан».
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар