жексенбі, 24 қараша, 2024 16:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
ашық дереккөзі
Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 млн 74,3 мың этникалық қазақ оралды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,6%) Өзбекстаннан, 11,9% – Қытайдан, 5,8% – Түркіменстаннан, 3,0% – Моңғолиядан және 3,6% – басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (32,6%), Түркістан (16,5%) және Маңғыстау (14,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,0%) және Нұр-Сұлтан (5,4%) қалаларына қоныстанды. Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,1%-ды және зейнеткерлер 16,0%-ды құрайды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар