Жаңалықтар
Биыл Астанада 800-ден астам экологиялық шара өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 желтоқсан, 2025
- 231
Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді
Жыл бойы Астанада 800-ден астам экологиялық іс-шара өтіп, оған 627 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Шамамен 120 мың тонна қоқыс шығарылды. Арнайы назар су нысандарын қалпына келтіру мен тазалауға аударылды. Нәтижесінде Есіл өзені, Нұра-Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ каналдары, сондай-ақ кіші Талдыкөл жүйесі биомелиоративтік технологияларды қолдану арқылы тазартылды. Су акваторияларынан 3 мың тоннадан астам қалдық шығарылды», - делінген хабарламада.
Қаланың жасыл желектерін көбейту аясында биыл 1,1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылған. Ал «Таза Қазақстан» чат-боты іске қосылғаннан бері шамамен 3 600 өтініш түскен, оның 89%-ы орындалған.
Келесі мақала






