Жаңалықтар
Биыл астықтың түсімі орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болуы керек – Үкімет басшысы
- авторjambylinfo.kz
- 23 тамыз, 2022
- 164
Биыл астықтың түсімі орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болуы керек – Үкімет басшысы
Биыл астықтың түсімі орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болуы керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.
«Үкімет қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Енді тек жұмыс істеу ғана қалып тұр. Биылғы жылы болжам бойынша астықтың түсімі орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болуы керек», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Осыған байланысты Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктердің басты міндеті – егін орағын уақытында және сапалы өткізу екендігін баса айтты.
«Элеваторлардың астықты қабылдауға және сақтауға дайын болуын қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы, Индустрия министрліктері мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өңір әкімдіктерімен бірлесіп, вагондармен қамтамасыз ету және логистика мәселесін шешу жұмыстарын жүргізсін», - деді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайыловтың атап өтуінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен бірлесіп, қыс мезгілінде фермерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жем-шөп қорын уақтылы жасақтау шараларын қабылдауы қажет әрі олардың бағасы тұрақты болуы тиіс.
Дереккөз: Қазақпарат сайтынан
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбылда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 31 қазан, 2024
Жаңалықтар
"Махаббат апарады Гавайға": жас әнші Мәди Қадыров шаңырақ көтерді
- авторjambylinfo.kz
- 31 қазан, 2024