сәрсенбі, 2 сәуір, 2025 14:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Қазақстан бойынша 13 мың шақырым жол жөнделеді

Биыл Қазақстан бойынша 13 мың шақырым жол жөнделеді
Фото: gov.kz
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жылы Қазақстанда 13 мың шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 2,2 мың шақырым жол қайта салынып, жаңғыртылады, 6,6 мың шақырым жол күрделі және орташа жөндеуден өтеді, ал 4,2 мың шақырым жол жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге бағытталады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Биыл құрылысы басталған ірі жобалардың қатарында «Қалбатау – Майқапшағай», «Күрті – Қонаев», «Қызылорда – Жезқазған» және «Ұзынағаш – Отар» тас жолдары бар. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 1 мың шақырымға жуық.

Сонымен қатар, «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған», «Атырау – Доссор» және «Сарыағаш қаласының айналма жолы» сияқты төрт жолақты автожолдардың құрылысы басталады. Бұл жобалардың жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асады.

Жыл ішінде 10 мың шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек, оның 6,6 мың шақырымы биыл аяқталады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,6 мың шақырымға артық. Бұған дейін басталған «Жезқазған – Петропавл», «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз», «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз» автожолдарында жөндеу жұмыстары жалғасады.

Сондай-ақ, «Қарабұтақ – Рудный – Қостанай», «Атырау – Орал» және «Астана – Қорғалжын» автожолдарының учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталады. Олардың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымды құрайды.

Жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту да басымдыққа ие. Өңірлерде 4,2 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Олардың қатарына «Атырау – Форт-Шевченко», «Түркістан – Шәуілдір», «Чапай – Сайқын» бағыттары мен Семей қаласындағы көпір құрылысы кіреді.

Жалпы, 2025 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылып, маңызды көлік дәліздері жаңартылатын болады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар