Биыл Таразда өткен жылға қарағанда 2 есе көп жаңа аялдамалар орнатылады
- авторjambylinfo.kz
- 3 наурыз, 2024
- 560
Медиа орталықтың мәліметінше, 2023 жылы қала аумағында 36 дана аялдама орнатылды.
"Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде оның жиырма бір данасын «RusStroy» ЖШС, он бесін «Строительная компания NSN» ЖШС-і жүзеге асырды. Сонымен қатар, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС тарапынан бұрын қолданыста болған 6 аялдама қайта жанғыртылды",- делінген хабарламада
Алайда мемлекеттік сатып алу сайтында біз ТҮКШ бөлімінің басшысы Елдос Кеңесбеков пен серіктестік директоры Әлия Құрбантаева қол қойған "NSN "құрылыс компаниясы" ЖШС-нің орындалған жұмыстары мен шығындарының құны туралы анықтама таптық. «Төлеу» бағанында 7 254 729 теңге сомасы көрсетілген. Бірақ, №050240003228/230194/00 Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қосымшада басқа сома көрсетілген. "Тараз қаласындағы автобус аялдамасының құрылысы" бойынша 1-аялдама бойынша 28 612 932 теңге сомасы тұр.
Дегенменде, бұл мәселе қала әкімі Бақытжан Орынбековтың әр кездесуінде айтылатын басты мәселе.
"Бүгінде Тараз қаласында қоғамдық көліктердің саны артып, қосым шабағыттар ашылуда. Бұл өз кезегінде аялдамаларға деген қажеттілікті туындатып отыр. Жазда көлеңке, қыста ықтасын болатын аялдамалар тұрғындардың жайлы тұрмысы үшін де маңызды",- деп мәлімдеді медиа орталық
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз