Жаңалықтар
Биылғы қыс: желтоқсанда жел, қаңтарда қар, ақпанда аяз бола ма?
- авторjambylinfo.kz
- 23 қараша, 2023
- 290
Биылғы қыс: желтоқсанда жел, қаңтарда қар, ақпанда аяз бола ма?
Синоптиктер алдағы қыс Атлант мұхиты аймағынан келетін ылғалды ауа массасымен ерекшеленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбылинфо Turkystan.kz - ке сілтеме жасап.
Бұл – 2024 жылғы қыс жылы болады деген сөз. Яғни желтоқсанда бұрқасын жел, қаңтарда қалың қар, ақпанда сақырлаған аяз аз болады.
Мамандар мұны қалыпты жағдайдан ауытқу деп санамайды. Олар 2001-2002 жылдары дәл осындай қыс болғанын алға тартып отыр.
«2023-2024 жылғы қыс 2001-2002 жылғы қыс секілді жылы әрі жауын-шашынды болады. Температуралық фон климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болуы мүмкін. Осыған дейінгі деректерге сәйкес, қыс жылы болғанда орташа температура қалыпты жағдайдан 4-10 градусқа жоғары болады», – дейді «Қазгидромет» өкілі А. Ысмағұлова.
Оның айтуынша, жыл басында қар жиі жауады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында және орталығында шыңылтыр аяз болуы ықтимал. Ауа температурасы -17 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік өңірлерде термометр нөлден жоғары болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024