....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 3:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Биыл Жамбыл облысында бірқатар ірі инвестициялық жобалар басталады – Е.Қарашөкеев

Биыл Жамбыл облысында бірқатар ірі инвестициялық жобалар басталады – Е.Қарашөкеев
ашық дереккөзі
Биыл Жамбыл облысында бірқатар ірі инвестициялық жобалар басталады – Е.Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапарының аясында өңірде шетелдік инвесторлардың қатысуымен бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру туралы уағдаластықтарға қол жетті, деп хабарлайды jambylinfo. Айта кетейік, Ербол Қарашөкеев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жасаған сапары кезінде 200-ден астам іскерлік кездесу өткізді. Осы кездесулердің арқасында, облыста ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын өндіріс, тамшылап суару жүйесі мен полиэтиленді құбырлар өндіретін зауыттың құрылысы басталмақ. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, инвесторлар Жамбыл облысының географиялық орналасу орнына, табиғи ресурстарына, аграрлық және өнеркәсіп әлеуетіне қызығушылық танытады. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, «BNK Group» және «NINGBO MENGKWA MACHINERY CO., LTD» компаниялары арасындағы келісім аясында 2024 жылдың соңына дейін аймақта тамшылап суару жүйесі мен полиэтилен құбырларын өндіретін зауыт салынбақ. Жобаның құны 4,4 млн доллар. «Шаньдун провинциясындағы бірнеше компаниямен (Zaozhuang Zeneng Electric Power Engineering Co.Ltd., GAMBOL, SHIFENG GROUP, GUOFENG) бірге қалпына келетін энергия нысандарының құрылысын бастау, үй жануарларына арналған жем-шөп өндірісі мен ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын өндірісті іске қосу мүмкіндіктері талқыланды. Соның ішінде, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы трактор құрастыру өндірісін іске қосу жоспарланып отыр», - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Ал, делегацияның Хубэй провинциясында өткізген келіссөздерінің нәтижесінде «Қазфосфат» ЖШС қытайлық «Wuhan Top Resources Holdings Co. Ltd» компаниясымен ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойды. «Қазір екі компания электромобильдерге арналған темір фосфатты аккумулятор өндірісін іске қосу, «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» ЖШС шығарып отырған жасыл фосфорды Қытай Халық Республикасына экспорттау, сонымен қатар, сары фосфор мен фосфор өнімдерін шығаратын жаңа кешеннің құрылысын бастау туралы мәселелер талқыланды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар