Біз қоғам қандай болу керегін өзіміз шешеміз - Елнұрбек Ермеков
- авторjambylinfo.kz
- 6 қазан, 2024
- 411
Байзақ аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Елнұрбек Ермеков барша халықты саяси шарадан тыс қалмауға шақырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Бүгін бәріміз үшін ерекше күн. Елімізде Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өтуде. Бүгін біз тарихи сәтті бастан өткеріп жатырмыз! Біздің аймақта тұрғындар референдумға белсенді қатысуда және бұл әр азаматтың өз таңдауы. Әр дауыс маңызды және өз болашағымызға бей-жай қарамау бұрынғыдан да маңызды. Біздің қоғам қандай болатынын өзіміз шешеміз. Дауыс беруге қатысу — біздің азаматтық борышымыз. Бұл өз пікірін білдіруге және еліміздің дамуына ықпал етуге мүмкіндік. Саналы таңдау жасап, болашағымыздың қандай болатынына мән беретінімізді көрсетейік!»,-деді ол.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз