....

....

сенбі, 2 наурыз, 2024 13:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Бізді тексерсе, біз де тексереміз». Әшімбаев Ресеймен шекарадағы тексерістер туралы пікір білдірді

«Бізді тексерсе, біз де тексереміз». Әшімбаев Ресеймен шекарадағы тексерістер туралы пікір білдірді
ашық дереккөзі
«Бізді тексерсе, біз де тексереміз». Әшімбаев Ресеймен шекарадағы тексерістер туралы пікір білдірді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресеймен шекарада ұзақ уақыт тексеріске ұшырап жатқан Қазақстан кәсіпкерлерінің проблемасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Жамбылинфо. Айта кетейік, бірнеше күннен бері Ресеймен шекарада тұрған қазақ кәсіпкерлері өз тауаларының қатты тексеріліп жатқанын, ол процесс өз кезегінде бизнесті аяқтан шалып отырғанын айтып, мәселе көтеріп жатыр. Әшімбаев бұл ретте Қазақстанның мемлекеттік органдары тез арада шұғыл шаралар қабылдап, кәсіпкерлерге көмек беру керек екенін мәлімдеді.
«Сенаторлардың бәрі өңірлерден оралды. Мен де Атырау облысына барып, тұрғындармен, кәсіпкерлермен, мәслихат депутаттарымен кездестім. Сол кездесудің бірінде Ресейге тауар тасымалдайтын кәсіпкерлер ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық сияқты тексерулер 15-20 күн уақыт алатынын айтып, шағымданды», - дейді Әшімбаев.
Сенатордың айтуынша, кәсіпкерлер одан «тура сондай тауарлар Қазақстанға келгенде неге дәл сондай тексерулер дәл сондай деңгейде өтпейтінін» сұраған.
«Негізі келісім екі жаққа бірдей. Егер біздің серіктестеріміз тексеріп жатса, біз де тексеруіміз керек. Бұл – өзара теңдікке қатысты мәселе. Ең бастысы, біз өз азаматтарымыздың денсаулығын қамтамасыз етуіміз қажет», – деді Әшімбаев бүгін Сенат отырысында.
Әшімбаев Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке осы мәселеге қатысты жедел түрде тиісті шара қабылдау керек екенін айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар