Жаңалықтар
Болат Назарбаевтың денсаулығының күрт нашарлауына не әсер еткені белгілі болды
- авторjambylinfo.kz
- 6 қараша, 2023
- 527

Болат Назарбаевтың денсаулығының күрт нашарлауына не әсер еткені белгілі болды
Бүгін отандық БАҚ-та Болат Назарбаевтың жүрек талмасымен ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған еді. Осыған қатысты Qaz365.kz тілшісі Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорына хабарласып, мән-жайды білді.
«Болат Назарбаевтың денсаулығы 2015 жылдан бері нашарлаған. 2017 жылы және 2021 жылы операция жасалды. Қазір жағдайы тұрақты, ауруханада ем алып жатыр. Айта кетерлік жайт, соңғы уақытта Болат Әбішұлына ақпараттық шабуыл көбейген еді. Осындай жағдайлар да оның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін», - дейді қор өкілдері агенттік тілшісіне.
Айта кетейік, Қазақстанның экс-президентінің інісі 3 қараша күні кешке Алматының Орталық клиникалық ауруханасына ауыр халде жатқызылды. 365info.kz порталының жазуынша, алдын ала қойылған диагноз - қайталанған миокард инфаркті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Белгілі актер футбол клубына директор болып тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Сара Жармухамбетова Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 маусым, 2025
Жаңалықтар
Петропавл мектебіндегі дүрбелең: акт залының төбесі құлады
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 маусым, 2025