
28 ақпан күні сағат 21:46-да Боранқұл станциясында ер адамды пойыз қағып кеткен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол қауіпсіздік ережелерін сақтамай, рұқсат етілмеген жерден теміржолды кесіп өтпек болған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Зардап шеккен азамат Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаға қатысты ақпарат Маңғыстау стансасының желілік полиция бөліміне жолданды. ҚТЖ өкілдері теміржолдың аса қауіпті аймақ екенін еске салып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Ресми деректерге сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында теміржолда 10 адам пойыз астына түскен, оның төртеуі мас болған. 2024 жылы осындай 75 оқиға тіркелген.
«Ер адам Бейнеу стансасының аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиға туралы ақпарат Маңғыстау стансасының желілік полиция бөліміне берілді. ҚТЖ теміржол қауіпті аймақ екенін еске салады», - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Теміржолдағы қайғылы жағдайлардың басты себептері – белгіленбеген жерден өту, мас күйде жүру, құлаққап қолдану және қауіпсіздік ережелерін елемеу.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз