Жаңалықтар
Бостонда ел намысын қорғаған Шайдоровқа 2,5 млн теңге табысталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 сәуір, 2025
- 212

Спортшы Бостон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, Қазақстанның атын тағы бір мәрте шығарды.
Алматы әкімдігі әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғаған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты марапаттады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов чемпионды арнайы қабылдап, 2,5 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Ол Михаилдың табандылығы мен ерік-жігері жас спортшыларға үлкен үлгі екенін атап өтті.
Сіздің жеңісіңіз – бұл бүкіл елдің жеңісі. Сондай-ақ, сіздің жаттықтырушыңыз Әсем Қасанованың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Ол қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың дамуына зор үлес қосып келеді, – деді Шаханов.
Өз кезегінде Михаил Шайдоров көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, бұл жетістікке жеке өзі ғана емес, бүкіл командасының, бапкері мен елінің арқасында жеткенін айтты.