дүйсенбі, 31 наурыз, 2025 15:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Боямасыз болмыс»: Таразда мемлекет және қоғам қайраткері Әлмұхан Исақты еске алу кеші өтті

«Боямасыз болмыс»: Таразда мемлекет және қоғам қайраткері Әлмұхан Исақты еске алу кеші өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Бұл кеш – жастарға үлгі боларлық тұлғаның өнегелі өмірін насихаттап, оның еңбектерін кеңінен танытуға бағытталған тағылымды жиын болды.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Әлмұхан Әбдірахманұлы Исақтың 85 жылдығына арналған еске алу кеші өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шара «Боямасыз болмыс» кітабы аясында ұйымдастырылып, қайраткердің өмірі мен қызмет жолына арналған жылы естеліктермен өрілді.

Еске алу кешіне Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, кеңес төралқа мүшесі Қасымхан Төлендиев , кеңес мүшелері Нильзия Рахишева мен Үртай Сапақова , сондай-ақ Қазақстан ардагерлері «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің саяси бөлім басшысы Сейтхан Қуантаев және Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Олар қоғам қайраткері туралы өздерінің естеліктерімен бөлісіп, оның елге сіңірген еңбегін, адалдығы мен турашылдығын ерекше атап өтті.

Кеш барысында кітапхана қызметкерлері Әлмұхан Исақтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оның еңбектерін оқуға шақырды. Қатысушылар қайраткердің ұлтқа деген сүйіспеншілігі, әділдік жолындағы қайсарлығы мен рухани мұрасы туралы пікір алмасты.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар