дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 6:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҰБТ-2024: Ең жоғары ұпайды ауыл мектебінің түлектері жинаған

ҰБТ-2024: Ең жоғары ұпайды ауыл мектебінің түлектері жинаған
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
12 шілде күні ҰБТ аяқталды

Қазақстанда ҰБТ-дан максималды баллды ауыл мектептерінің түлектері жинаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz." Vecher.kz"-ке сілтеме жасап.

Жалпы биыл  ҰБТ-ны 181 мыңнан астам түлек тапсырған. 

Бұған дейін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын қоса алғанда, су тасқынынан зардап шеккен 6 өңірден келген талапкерлер үшін ҰБТ 12 шілдеге дейін ұзартылған болатын. 

Бұл ретте, өткен жылдардағыдай, талапкерлерге ҰБТ тапсыруға және білім беру грантын беру конкурсына ең жақсы нәтижемен қатысуға мүмкіндік берілді.

Ағымдағы жылы мектеп түлектерінің саны артып, 181 мың талапкер екі талпынысты ескере отырып, 326 мың рет ЕНТ тапсырды.

Бұл туралы ҚР ҰӘҚ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің төрағасы Гүлзат Кубенова ОКҚ алаңында хабарлады.

Ол өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсырушылардың саны 20 мыңға көп болғанын атап өтті.

"Бұл Қазақстандағы демографиялық ахуалдың жақсарғанын және жоғары білімге сұраныстың артқанын айғақтайды. Алдын ала ақпарат бойынша, 139 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады. Олар грант беру конкурсына қатыса алады", - деді спикер.

Соңғы үш жылда алғаш рет 140 балл жинаған үміткер анықталды. Бұл Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының 22-ші орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек. Екі түлек 139 балл жинады: ШҚО-дан Аяужан Мұратова және Қызылорда облысынан Нұрболат Жұбатқан. Үш талапкер де - ауыл мектептерінің түлектері.

130-дан көп балды 716 адам алды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар