сейсенбі, 2 шілде, 2024 19:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"ҰБТ-2024: жаңа рекорд": Ауыл баласы тесттен 140 балл жинады

"ҰБТ-2024: жаңа рекорд": Ауыл баласы тесттен 140 балл жинады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Рекорд жаңартқан оқушы Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы орта мектебінің түлегі - Еңсебек Жаннұр

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірде-бір сұрағынан мүдірмей, максималды балл жинаған түлек белгілі болды, деп хабарлайды  Jambylinfo. kz.Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық бірыңғай тестілеуде сүрінбеген оқушының аты-жөні Еңсебек Жаннұр. Ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебі түлегі.  

Осылайша орта мектептің түлегі, ауыл баласы ең жоғары балл жинап  отыр. 

Бұған дейін  жаңаөзендік Абзал Оңғарбаев 139 балл жинап, ең үздік нәтиже көрсеткен еді. 

Кентаулық түлек Айдос Қожанов та ұлттық бірыңғай тестілеуде  жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 138 бал жинаған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар