Мектеп түлегіне басқа да бағалы сыйлықтар табысталды.
ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған оқушы Жәнібек Әбілханға қосымша білім беру орталығының басшылығы пәтердің сертификатын табыс етті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz aikyn.kz сілтеме жасап.
Бұған дейін аталған білім беру орталығы әлеуметтік желідегі парақшасында 140 балл жинаған түлекке пәтер берілетіндігін мәлімдеген екен. Сол орталықта білім алған Жәнібек Әбілхан ҰБТ-дан 140 ұпай жинап, енді оқу орталығы оған пәтердің сертификатын табыстаған.
Білім беру орталығының өкілдерінің мәліметінше, тұрғын үй Жәнібек оқуға түсетін қаладан алынады.
Сонымен қатар, ҰБТ-дағы жоғары нәтижесі үшін Жәнібекке iPhone смартфоны, ноутбук, теледидар және басқа бағалы сыйлықтар тарту етілген.
Келесі мақала
Президент бірқатар мемлекетке жаңа елші тағайындады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





