жұма, 27 желтоқсан, 2024 20:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Буллинг: Астанада оқушы мектептің төртінші қабатынан секіріп кетті

Буллинг: Астанада оқушы мектептің төртінші қабатынан секіріп кетті
Фото ашық дереккөзден алынды
Ауруханада жатқан жасөспірімнің жағдайы ауыр.

Елордадағы №72 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Бекболат Сайлау сабақ үстінде 4 қабаттан секіріп кеткен, -деп хабарлайды jambylinfo.kz ktk.kz-ке сілтеме жасап. 

Дәрігерлер оның қолы мен аяғына ота жасаған. Жасөспірімнің мұндай қадамға не себеппен барғанын полиция анықтап жатыр. 

Ал оқушының ата-анасы баланы сыныптастары бопсалаған деп отыр. 

 — Ердәулет деген бала, Аружан екеуі «мені боспасалаған» деді. Ал Ердәулет, Димаш, Әділет деген сыныбындағы бала мені дәретханада ұрып, «қоңырау болғанша сені өлтіреміз, полицияға береміз, әзір көресің, сабақтан шыққанда өлтіреміз» деп айтты дейді. Содан ашуланып кеттім де, қоңырау шалынды, ағылшын пәнінің мұғалімі кірді, сабақ бітейін дегенше, терезеге қарап отырдым, сабақ біткеннен кейін «өліп қалайыншы, мыналар мені өлтіреді, полицияға беретін болды деп» секіріп кеттім» деп айтты дейді анасы Ләззат Рахмаш. 

Ләззат Рахмаш баласы буллингтің құрбаны болды деп санаса, мектеп  директоры Айман Дүйсенова мұны жоққа шығарған. 

Ал ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқыс оқиғаға байланысты тергеу-тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеген.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар