жұма, 11 қазан, 2024 23:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Бурж-Халифадан да қымбат". LRT жобасына қанша қаражат жұмсалды?

"Бурж-Халифадан да қымбат". LRT жобасына қанша қаражат жұмсалды?
ашық дереккөзі
"Бурж-Халифадан да қымбат". LRT жобасына қанша қаражат жұмсалды?
Қоғамда "Жемқорлық ескеркіші" деп аталып кеткен LRT жобасы қайта жанданды. Бюджеттен қаржы да бөлініп, қала әкімдігі тарапынан 2025 жылға дейін пайдалануға беріледі деген уәде берілді. Massaget.kz тілшісі LRT туралы деректерге шолу жасады. LRT-ға бөлінген қаржы 2015 жылдан бері LRT салуға бюджеттен 156,3 миллиард теңге бөлінді. Astana LRT құрылысы 2020 жылы маусымның соңына дейін аяқталуға тиіс еді, бірақ қаржыландыру мәселесіне байланысты жоба 2018 жылы тоқтатылды. Көп ұзамай атышулы құрылыстың басы-қасында жүрген бірқатар лауазымды тұлғаларға "ақша жымқырды" деген айып тағылды. LRT ісі: сотта Ардан мен Сұлтанбековке қатысты үкім шығарылды  width= ©️ Tengrinews.kz Жобаның бастапқы құны 1,8 миллиард доллар болған. Бірақ ол қаржы Қытай даму банкінен 20 жылға кредит ретінде алынды, демек осы екі онжылдық бойы пайызын төлегенде, жоба құны 2,6 миллиард долларға дейін жететін еді. 2019 жылы жоба оңтайландырылып, 1,2 миллиард доллар үнемделді. Бүгінгі таңда құрылыстың ақырғы құны шамамен 1,5 миллиард доллар тұрады. Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, бұл құрылыс салыстырмалы түрде әлемдегі ең үлкен әрі танымал ғимараттардың бірнешеуінен қымбат. Astana LRT шығыны Малайзиядағы әйгілі Petronas Towers (1,16 миллиард доллар) пен Дубайдағы "Бурж-Халифа" зәулім ғимаратынан (1,5 миллиард доллар) қымбат шыққан.  width= Бурж-Халифа/ашық дереккөз Сондай-ақ, қазір бағасы Лондондағы Уэмбли стадионы мен Нью-Йорктегі Янки стадиуммен шамалас.  width= Уэмбли стадионы/ашық дереккөз Президент LRT құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды  width= ©️ Tengrinews.kz Тоқаев қаланың кептелістен көз ашпайтынын, салдарынан үлкен дағдарысқа тап болатынымызды мәлімдеді. "Мен қаңтарда LRT-ға қатысты жұмысты тездетіп аяқтауды тапсырдым. Нақты мерзімдер айқындалды. Тұрғындарға уәде берілді. Енді осы жобаны дер кезінде аяқтау керек. Бұл жұмысқа біраз қаражат бөлінді. Бірақ нақты нәтиже жоқ. Көлік мәселесін шешуді соза берсек, қала кептелістен көз ашпайды. Бұл үлкен дағдарыс тудыруы мүмкін. Сондықтан, мәселені оңтайлы шешу қажет. Әйтпесе, экономикалық шығынға тап боламыз. Адамдар уақыт жоғалтады, қалаға экологиялық зиян келеді. Көлік саласындағы жағдайдың ушығуына көші-қон мәселесі де ықпал етіп отыр. Жыл сайын Астанаға 50-60 мың адам келеді. Бұдан бөлек, күн сайын жақын маңдағы елді мекендерден 150 мың адам келіп кетеді. Мұның бәрі инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға айтарлықтай салмақ түсіреді. Сол себепті көші-қон үдерісін тиімді реттеу қажет, яғни, пәрменді шаралар қабылдау керек. Негізінен, көп адам қалаға жақын жерлерден жұмыс істеуге келеді. Сондықтан бұл саланы нақты реттеп, бақылау күшейтілуге тиіс", - деді Президент. 500 миллиард теңге неге жұмсалады? Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысы аяқталуы үшін 2 жыл керегін айтты. "Былтыр шешім қабылданып, биыл LRT құрылысын жалғастыру мақсатында тағы 500 миллиард теңге бөлінді. Осы күнге дейін 600 миллион доллар жаратылды. Құрылысты толық аяқтап, бірінші желіні қосу үшін әлі 2 жыл уақыт қажет болады ", - деді Қасымбек.  width= ©️ Tengrinews.kz Жоспар бойынша бірінші кезекте 8 станция қосылып, 5 пойыз пайдалануға беріледі. Мұның бәріне жоғарыда айтылған 500 миллиард теңге керек, оның жартысы жаратылып қойған. "Ғылыми тұрғыдан алғанда халқы 2 миллион немесе 1,5 миллионнан асатын қалада желілік қоғамдық көлік болуы керек. Ол жерасты немесе жерүсті көлігі болсын. Сондықтан менің жеке пікірім, болашақта мегаполисте мұндай көлік болуға тиіс. Ал біз 2030 жылға қарай елорда халқы 2 миллионға жетеді деп болжап отырмыз", - деді Астана әкімі.  width= ©️ Tengrinews.kz Кейін CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Ғани Тәжиев LRT-ны іске қосу мерзімі тағы шегерілгенін мәлімдеді. "LRT жүйесін іске қосуды жеделдету мақсатында жоба екі кешенге бөлінген. Бірінші кешен 2025 жылға қарай пайдалануға мүмкіндік береді. Оның құны 1 миллиард 152 миллион доллар немесе 61 пайыз болатын алғашқы іске қосу кешенінде 8 станцияны толық аяқтау көзделген. Екінші іске қосу кешенінің құны - 735 млн доллар, яғни 10 станция пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, қосымша 14 станция салынады. Уақытылы қаржыландырылса, аяқталу мерзімі 2026 жылдың соңына дейін ", - деді Ғани Тәжиев қалалық мәслихаттың отырысында. LRT қай аралықты қамтиды? Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан "Нұрлы жол" вокзалына дейін 18 станция болады. 19 жылжымалы құрамның бесеуі 2024 жылдың соңында іске қосылады. LRT-ның жолы ұзындығы - 41,8 шақырым. Жеңіл рельсті көлік жаңа мешітті, MEGA Center аумағын, соның ішінде ботаникалық бақты, Әбу-Даби плазаны, Министрліктер үйін, Назарбаев университетін, Тәуелсіздік алаңы бар Орталық мұражайды және "Мыңжылдық аллеясы" ауданын қамтиды.  width= ©️ Tengrinews.kz 8 станция орналасатын жерлер: 101 – әуежай; 105 – Қабанбай батыр айналма жолы; 107 – MEGA; 109 – Ботаникалық бақ; 111 – Сығанақ көшесі; 112 – Абу Даби Плаза; 114 – Ұлттық музей; 118 – вокзал. Жолақысы қанша болады? CTS компаниясы өкілдері жолақы қанша болатынын LRT іске қосылғаннан кейін белгілі болатынын мәлімдеді. Себебі бұл - әлеуметтік жоба. "Елімізде көлік туралы заң бар, соған сәйкес жолаушыларды тасымалдауға байланысты қызметтің тарифі белгіленген. Қазір мамандар жолаушыларды тасымалдау құнын есептеп жатыр. Бұл жағдайда LRT нысандарын күтіп-ұстауға қажет шығын мен жолаушылар тасымалына жағдай жасауға бағытталатын шығын ескеріледі", - делінген компания хабарламасында.  width= ©️ Tengrinews.kz Министрлік тағы 52 миллиард теңге сұрап отыр Көлік министрлігі LRT жобасын іске асыруға Ұлттық қордан 52 миллиард теңгеден аса қаражат бөлу керегін мәлімдеді. "Көлік министрлігі ұсынған бюджеттік бағдарламаның жобасына сәйкес, Астана қаласының бюджетіне "Жаңа" жобасы аясында құрылысқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған дамуға нысаналы трансферттер Астана қаласының LRT (әуежайдан жаңа вокзалға дейінгі учаске) жүйесіне 2023 жылға сұралған сома " 52 434 322 теңге, - делінген хабарламада.  width= ©️ Tengrinews.kz Бұл шығын 2023 жылғы жұмыс кестесіне сәйкес ЕПК келісімшарты бойынша төленбек.   Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/95536/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар