дүйсенбі, 18 қараша, 2024 2:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Цой: Pfizer вакцинасын бірінші кезекте 12-18 жастағы балаларға салуды жоспарлап отырмыз

Цой: Pfizer вакцинасын бірінші кезекте 12-18 жастағы балаларға салуды жоспарлап отырмыз
ашық дереккөзі
Цой: Pfizer вакцинасын бірінші кезекте 12-18 жастағы балаларға салуды жоспарлап отырмыз
Денсалуық сақтау министрі Алексей Цой "Время" басылымына сұхбатында еліміздегі 12-18 жастағы балаларға вакцина салу мәселесін сөз етті. Алексей Цойдың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі қазан айынан бастап Pfizer вакцинасын қазақстандықтарға қолжетімді етпек. Министр аталмыш вакцина бірінші кезекте балаларға салынады деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді. "Бірінші кезекте біз Pfizer вакцинасын 12-18 жастағы балалардың иммунитетін қалыптастыру үшін қолдануды жоспарлап отырмыз. Бұл осы жастағылар үшін қолдануға рұқсат етілген жалғыз вакцина. Статистикаға сүйенсек, бізде осы жастағы балалардың саны екі миллионнан сәл асады", - дейді Цой. Осы орайда, министр балаларға вакцина салдыру ерікті түрде жүзеге асырылатынына баса айтты. "Балаларға вакцина тек ата-анасының келісімімен жасалады. Бәрі келісе қоймауы да мүмкін. Егер вакцина артылып қалса, біз оны өзге топтарға да салатын боламыз. Бірақ, ең алдымен, балалар. Олар әзірге қорғансыз. Оларды қазірден қорғау үшін ата-аналары вакцина салдырған абзал", - дейді Алексей Цой. Тоқаев карантин талаптарын бұзғандар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болжамын жаңартқанын жазған едік. Оған сәйкес, оптимистік сценарий бойынша, тамызда (індеттің шарықтау шегі) бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 6600-ға жетуі мүмкін. Реалистік сценарий бойынша, бұл сан 9 мыңға дейін өсуі ықтимал. Пессимистік сценарий бойынша, індет шарықтау шегіне жетсе, күн сайын коронавирус жұқтырған 11 мың адам тіркелеуі мүмкін. Аталмыш матераилды "Время" ЖШС" басылымының рұқсатынсыз көшіріп басуға және таратуға тыйым салынады!
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар