бейсенбі, 21 қараша, 2024 23:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Дәретханада буындырған»: тағы бір қызды өлімнен арашалап қалған куәгер сұхбат берді

«Дәретханада буындырған»: тағы бір қызды өлімнен арашалап қалған куәгер сұхбат берді
Сурет:видеодан скрин
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасына жазба жариялап, видео жүктеген

Диас есімді бозбала марқұм Асылымнан кейін 16 жасар күдіктінің араға ай салып, басқа көршінің қызын дәретханаға құлатып өлтірейін деп жатқанда құтқарып қалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұған дейін белгілі болғандай, 5 жастағы Нұрайға "Жүр, көжек көрсетемін",-деп қараусыз тұрған үйге алдап апарып, дәретханаға кіргізіп, буындырып, ұрып, "әжетхананың тесігіне өзің түс" деп енді итеріп жатқанда Диас келіп, Нұрайды ажалдан арашалап қалған.

- Мен дүкеннен қызанақ алып келе жатқанмын. Кішкентай қыздың жылаған дауысын естідім. Бірден әжетханаға қарай жүгірдім. Есікті тарттым ашылмады. Арғы жатқан Жазира (күдікті) келді. Ол қолынан қатты тартты. Қызанақтарым нәжіске түсіп кетті. Өзім де қатты қорқып кеттім", - дейді Диас қорқынышын жасырмай.

Еске салайық, осы оқиғадан кейін марқұм 5 жасар Асылымның өліміне қатысты кылмыстық  іс қайта ашылды. Қазір тергеу жұмыстары жалғасып сотқа жеткен.

"Менің миым бір-ақ нәрсені қорытпай тұр. 40 жыл көрші күдікті қыздың жасы 16-да, ата-анасы сау. Өзі де орта мектепте оқыған. Ұрлықпен ұсталып бірнеше мектепті ауыстырған. Былтыр арнаулы кәсіптік колледжге түседі. Мамандығы тәрбиеші.
Алдыңғы  қылмысын жымын білдірмей, саусақ ізін түсірмей жасады. Асылымды жұрт 3 күн іздеп, жерлеп жатқанда да сыр бермеді.
Сонда оның миы қашан ауытқып үлгерген?", -деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Сондай-ақ, журналист күдікті арнайы емдеу мекемесінде жатқанын жазған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар