дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дәрігер неліктен әйелдерге спортпен тым көп шұғылдануға болмайтынын айтты

Дәрігер неліктен әйелдерге спортпен тым көп шұғылдануға болмайтынын айтты
ашық дереккөзі
Дәрігер неліктен әйелдерге спортпен тым көп шұғылдануға болмайтынын айтты
Спортпен шамадан тыс шұғылдану әйелдердің денсаулығына қауіп төндіреді, дейді ресейлік репродуктолог дәрігер Юлия Колода. Дәрігердің айтуынша, ағзаға шамадан тыс салмақ салу акушерлік асқыну қаупін арттырады.
Мұндай әйелдерде сүйек ұлпасының тығыздығы мен репродуктивті жүйені бақылайтын гормон – эстроген төмен деңгейде болады, - деді Колода.
Оның айтуынша, тек семіздікке шалдыққандар ғана емес, сонымен қатар салмағы аз әйелдер де қауіпті топқа жатады.
Салмағы қалыптан аз әйелдер үшін жүктілік кезінде акушерлік асқыну қаупі семіздікке шалдыққандармен бірдей болады. Қан аздық, босану кезіндегі әлсіздік, жүктіліктің соңына дейін жетпеуі, қағанақ суының мерзімінен бұрын жарылуы және салмағы аз нәрестенің тууы сияқты проблемалармен бетпе-бет келуі мүмкін, - дейді дәрігер.
Дәрігер мұндай пациенттерге дәл қазір спорттан бас тарта алмаса, эстрогенді алмастыратын препараттарды тұтынуды ұсынды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар