Жамбылда 5 күнде 125 келіге жуық есірткі және 76 тоннадан астам прекурсор анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2024
- 415
Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 18 есірткіге байланысты құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз дайындау, сақтау және тасымалдау бойынша 3 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Сонымен қатар, дәрі-дәрмектерді рецептісіз босатудың 2 дерегі, нысандар мен үй-жайлардың техникалық нығайтылуы талаптарын бұзудың 9 дерегі, лицензиялау нормаларын бұзудың 4 дерегі анықталды.
Іс-шара барысында полицейлер 97 дәріхананы, 6 қойманы, 3 емдеу мекемесін және 4 өнеркәсіптік кәсіпорынды тексерді.
Заңсыз айналымнан 124 келі 750 грамм түрлі есірткі заттары алынды.
Сондай-ақ, сақтау талаптарының бұзылуына байланысты 76 тонна 843 келі прекурсорлар және 3 442 ампула айналымнан шектелді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024