сенбі, 16 қараша, 2024 22:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дәстүрлі форматқа көштік деп цифрлы платформаларды ұмытпауымыз керек

Дәстүрлі форматқа көштік деп цифрлы платформаларды ұмытпауымыз керек
ашық дереккөзі
Дәстүрлі форматқа көштік деп цифрлы платформаларды ұмытпауымыз керек
Білім беру ұйымдарында цифрлы платформаларға қолжетімдік қамтамасыз етіледі. Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті. «Биылғы оқу жылында барша білім беру ұйымдарында цифрлы платформаларға қолжетімдік қамтамасыз етіледі. Біз қазір дәстүрлі форматқа көштік деп осыған дейінгі пайдаланылған платформаларды ұмытпауымыз керек. Олар ары қарай мектептерде пайдаланылады. Сондықтан цифрлы платформалар үшін түсірілген, дайындалған сабақтарды пайдаланып, оқу процесіне енгізу өте маңызды», - деді Асхат Аймағамбетов. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда педагогтар оқулықтарды өздері таңдайды. Оқулықтардың альтернативтілігі қамтамасыз етілетін болады. Ол бойынша біз қазіргі уақытта заңнамаға тиісті өзгерістер дайындалып жатыр.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар