жексенбі, 15 ақпан, 2026 19:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Dala.Camp Forum 2026: Мал шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі басталды

Dala.Camp Forum 2026: Мал шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі басталды
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Іс-шараға Орталық Азия елдерінен, АҚШ, Бразилия, Франция, Нидерланд, БАӘ және Түркиядан шамамен 250 делегат қатысты

Dala.Camp Forum 2026 аясында Бурабайда екі күндік халықаралық мал шаруашылығы форумы басталды. Ауқымды жиында экспортқа бағытталған мал шаруашылығын дамыту, нарықты шоғырландыру және мемлекеттік қолдау шаралары талқылануда.

Форумға Қазақстанмен қатар Орталық Азия елдері, АҚШ, Бразилия, Франция, Нидерланд, БАӘ және Түркия мемлекеттерінен 250-ге жуық делегат қатысып отыр.

Іс-шараның негізгі тақырыбы – Қазақстанның ет индустриясын дамыту және ұзақ мерзімді экспорттық стратегия қалыптастыру.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мал шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі әрі бәсекеге қабілетті саласына айналуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыт елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетін де арттыруы қажет.

Қазіргі таңда мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 39 пайызын құрайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша саланың жалпы өнім көлемі 3,8 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылғы 3,3 трлн теңгемен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Алайда жыл сайынғы 2–3 пайыздық өсім саланың толық мүмкіндігін ашпай отырғаны айтылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2026–2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары бекітілген. Құжат аясында өнімділікті арттыру, ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту және экспорттық нарықты кеңейту көзделген.

Жоспарда жылдық 5–6 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелеу енгізу, асыл тұқымды мал шаруашылығы мен генетиканы дамыту, жем-шөп базасын нығайту, заманауи технологияларды қолдану және өткізу нарықтарын кеңейту қарастырылған. Сонымен қатар жайылымдық мал шаруашылығын дамыту мен инфрақұрылымды жетілдіру шаралары да бар.

Форум барысында экспорттық экожүйе қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар мемлекет, бизнес және фермерлер арасындағы тиімді ынтымақтастықты күшейту, бірыңғай сапа стандарттарын енгізу және тұрақты өткізу арналары жүйесін құру қажеттігін атап өтті.

«Turan» мал шаруашылығы қауымдастығы басқарма төрағасы Жәнібек Кенжебаев нарықты институционалдық біріктіру моделін ұсынып, өндірушілерді шоғырландыру, баға белгілеудің ашықтығын арттыру және кепілдендірілген экспорттық жеткізілімдер жүйесін қалыптастыру бағыттарын таныстырды.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар