Астанада "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы" ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеру аяқталды, нәтижесінде Damumed жүйесінен заңнама бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы" ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.
"Тергеп-тексеру нәтижесінде Damumed медициналық ақпараттық жүйесіне кіру қызметін көрсету және оны техникалық сүйемелдеу қызметтері бойынша монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі анықталды", - делінген хабарламада.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен серіктестікке 286 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.





