сәрсенбі, 23 қазан, 2024 23:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дауылдан келген шығын есептелді

Дауылдан келген шығын есептелді
ашық дереккөзі
Дауылдан келген шығын есептелді
Жамбыл облысында да қатты жел тұрып, мектептің шатырын ұшырып әкетті. Тіпті дүлей дауыл ағаштар мен бағаналарды құлатып, бірнеше көлік пен балалар алаңын басып қалған, деп хабарлайды Жамбылинфо КТК арнасына сілтеме жасап.
Табиғаттың тосын мінезінен тоғыз адам жарақаттанған. Дәрігерлер науқастарға алғашқы көмек көрсетіп, үйіне жіберіпті. Секундына 30 метр жылдамдықпен соққан желден Жамбыл ауданындағы 17 ауыл жарықсыз қалды. Ал Ниязбеков ауылындағы орта мектептің шатыры ұшып кеткен. Шығын шамамен 12 миллион теңге дейді жергілікті билік. Қазір коммуналдық қызмет қаланы қирандылардан тазартуда.
«Электр энергиясын қалпына келтіру бойынша 12 жұмыс бригадасы жұмылдырылған. Онда 50-ге жуық маман мен 14 техника жұмылдырылған. Енді әлеуметтік нысандарда жалпы жылыту маусымына байланысты жылумен қамтлған. Штаттық режимде жұмыс жалғасуда. Бірақ мектептегі сабақтар онлайн режимге көшірілді. Барлық мектепте, Тараз қаласы бойынша онлайн режимде оқып жатыр», - деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмайыл.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар