
Бұл ақпаратты Жамбыл облысы Төтенше жағдай департаменті хабарлады
Жамбыл облысында жел тұрып, бұрқасын болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылды ескертуіне сәйкес, 11 ақпанда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі.Тараз қаласында 11 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі,-делінген хабарламада.
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!
Келесі мақала