Жаңалықтар
Дауылдық ескерту: Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, қар күтіледі
- авторjambylinfo.kz
- 23 қараша, 2023
- 556
Дауылдық ескерту: Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, қар күтіледі
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22 қарашада күндіз, 23 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 22-24 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 22-24 қарашада солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 23-24 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 22 қарашада күндіз, 23 қарашада тәулік бойы екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Құрметті азаматтар!
Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар. Қатты жел, жауын-шашын және тұман кезінде қозғалыс бағытын реттеңіз; электр желілерінің тұтастығына назар аударыңыздар; ағаштардың астында немесе әлсіз нығайтылған құрылымдардың жанында тұрмаңыздар; мүмкіндігінше ғимараттарды паналауға тырысыңыздар. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыздар!
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Әнші Raim мен Ерке Есмахан сәбилі болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 14:18






