жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Демеу Жадыраев - Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері

Демеу Жадыраев - Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Жерлесіміз финалда жапон балуынына есе берді

Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Париж Олимпиадасында 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Демеу финалда жапондық Нао Куссакиден 2-5. есебімен жеңілді. 

Осылайша, Париж қаласы біздің балуанға екінші күмісін сыйлады. 

Еске салсақ, 2017 жылы Демеу Жыдыраев (71 келі салмақта) Парижде грек-рим күресінен өткен әлем біріншілігінде күміс медальге ие болған. 

Міне араға 7 жыл салып ол Париж олимпиадасының финалында белдесіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Жарыстан соң журналистерге сұхбат берген Медеу Жадыраев финалда жеңіске жете алмауына - бірінші күнгі сенімді жеңісінен соң әрі елдің құрмет-қошеметінен босаңсып қалғанымен түсіндірді. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар