Депутаттар TikTok-қа кәмелетке толмағандар үшін шектеу қоюды ұсынды
- авторjambylinfo.kz
- 19 ақпан, 2025
- 332

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов TikTok желісінде жастарға теріс әсер ететін ақпараттың көп екенін айтып, премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, әлемнің бірқатар елдері аталған платформаға түрлі шектеулер енгізіп жатыр.
Ресми мәліметтерге сәйкес, соңғы екі жылда TikTok-қа 14,1 миллион қазақстандық тіркелген, ал негізгі пайдаланушылар – балалар мен жастар.
Депутаттардың пікірінше, бұл платформада құмар ойындардың жарнамасы, әдепсіз стримдер, тұрмыстық әдепке қайшы контент, рұқсат етілмеген діни уағыздар және тыйым салынған заттарды насихаттайтын материалдар таралуда.
Осыған байланысты мәжілісмендер жасөспірімдерге арналған контентті қатаң бақылауға алу, кәмелетке толмағандарға TikTok қолдануға шектеу қою немесе толық тыйым салу мәселесін қарастыруды ұсынып отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз