дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әділдік және өркендеу: жаңа қоғамдық қор белсенді отандастарымызды біріктірді

Әділдік және өркендеу: жаңа қоғамдық қор белсенді отандастарымызды біріктірді
ашық дереккөз
Елімізде жақында «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры құрылды. Ұйымның міндеттері мен мақсаттары туралы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жангелді Омаров айтып берді.

- Дамыған азаматтық қоғам – «Жаңа Қазақстан» құрудағы негізгі бағыттардың бірі. Біздің жақтастарымыз ортақ мақсаттар төңірегінде бірігіп, азаматтық сектордың тұрақты дамуына үлес қосуға ниетті. Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Әділетті Қазақстанды» құру үшін іргелі реформалар жүріп жатыр. Біздің жол - осы. Біз - кедейлікпен, қымбатшылықпен күресіп, тұрғын үй коммуналдық тарифтерін көтермеуді, зейнеткерлерге қамқорлық көрсетіп, жастарға жаңа жұмыс орындарын ашуды және мұқтаж жандарды әлеуметтік тұрғыда қорғау бағытындағы реформаларды қолдаймыз. Бұл қадам - қала мен ауылдағы ағайынның өмір сүру сапасын, білім дәрежесін жаңа деңгейге көтеруге жол ашатыны анық, - деді Жангелді Омаров.

Қоғамдық қордың белсенділері Қазақстан азаматтарына Манифест-үндеу жариялады. Құжатта қоғамдық қор қызметінің негізгі бағыттары айқындалған:  еңбек адамының құқығын қорғау, табыстың бөлінуіндегі әлеуметтік әділдік, заң алдындағы теңдік, барлық азаматқа тең мүмкіндік, әр азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу және қорғау, азаматтардың шешім қабылдауға ықпалы.

Жамбыл облысында Манифестке 200-ге жуық адам қол қойды

Сарапшылар онда келесі ұсыныстарды жинақтады: азаматтарға медициналық сақтандыру түрін (ынтымақты немесе ерікті) таңдауға мүмкіндік беру, медициналық қызметтердің бағасын төмендету, азаматтарға кез келген медициналық ұйымда және олар үшін қолайлы кез келген жерде скрининг қызметін алу мүмкіндігін беру, жекеменшік медициналық ұйымдарға жүгінген кезде азаматтардың міндетті медициналық сақтандыру аясында жинақ ақшасын пайдалануына мүмкіндік беру.

Сонымен қатар, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңгерлік қолдау мен кеңес беретін «Әділеттілік құқығы» атты интернет-қабылдауын ашты.

- Жақын арада тәжірибе алмасу басқа өңірлердегі біздің жақтастарымызбен кездесу өтеді. Ел тағдырына әрбір азамат жауапты. Шынында да, әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз елдің бүгіні мен ертеңі үшін маңызды, - деп қорытындылады Жангелді Омаров.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар