жұма, 11 қазан, 2024 23:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Докторанттар 500 мың теңге шәкіртақы алады

Докторанттар 500 мың теңге шәкіртақы алады
ашық дереккөзі
Докторанттар 500 мың теңге шәкіртақы алады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы 4-5 жылда докторанттар 500 мың теңге шәкіртақы алатынын мәлімдеді.
«Докторантурада 3 жыл оқып, PhD дәрежесін алған жас ғалым университетке келгенде оқу уақыты есепке алынбайды. Оған еңбек жолын оқытушылықтан бастау қажет. Бізде оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор болып бөлінеді. Профессор дәрежесіне жеткенше көп уақыт кетеді. Мақала жазып, гранттарға қатысу керек. Сондықтан бірінші кезекте PhD докторантураның принциптерін өзгертіп жатырмыз. PhD стипендиясы көбейеді. Биыл 217 мың теңгеге жетті. Жыл сайын 20% өседі. Алдағы 4-5 жылда 500 мың теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді министр.
С. Нұрбек былтырдан бастап «жас ғалымдарға» 3 жылдық грант беріле бастағанын атап өтті.
«Жалақы 500 мың теңгені құрайды, жас ғалымды жұмысқа тартып, ғылым жолында қалдыру үшін біз бірнеше кешенді шараларды қолға алып жатырмыз»,– деді Ғылым және жоғары білім министрі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар