Донор күні: Елімізде 4 мыңнан астам науқас ағза ауыстыруға мұқтаж
- авторjambylinfo.kz
- 9 қазан, 2024
- 215
Бұл күн әлемнің түкпір-түкпіріндегі қан донорларына құрмет көрсетуді, сондай-ақ, қоғамның қан тапсырудың маңыздылығын түсінуіне ықпал етуді мақсат етеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, науқастардың басым бөлігі бүйрекке зәру. Оның ішінде 3 мың 661-і ересек адам, 85-і бала. Бауырға 180 ересек пен 10 бала мұқтаж. 20 ересек қазақстандық өкпесін ауыстыру бойынша, ал жүрек бойынша 136 ересек пен 5 бала күту парағында тұр.
Сондай-ақ жүрек-өкпе кешеніне 4 ересек пен 2 бала мұқтаж. Кейінгі кезде мәйіттік донор бойынша нәтижелер жақсарып келеді. Соның ішінде қайтыс болған бес адамның ағзасы 19 адамның өмірін сақтап қалды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз