....

....

сенбі, 2 наурыз, 2024 13:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

ЕҢ ҚАУІПСІЗ ӘУЕ КОМПАНИЯЛАР ТІЗІМІНЕ ҚАЗАҚСТАН КІРГЕН ЖОҚ

ЕҢ ҚАУІПСІЗ ӘУЕ КОМПАНИЯЛАР ТІЗІМІНЕ ҚАЗАҚСТАН КІРГЕН ЖОҚ
ашық дереккөзі
ЕҢ ҚАУІПСІЗ ӘУЕ КОМПАНИЯЛАР ТІЗІМІНЕ ҚАЗАҚСТАН КІРГЕН ЖОҚ
Әуе компаниялары мен олардың өнімдерінің қауіпсіздігіне баға беретін әлемдегі жалғыз сайт — AirlineRatings.com өзі бақылайтын 385 әуе компанияларының ішінен 2024 жылғы ең қауіпсіз 25 әуе желісінің рейтингін ұсынды.  Жамбылинфо бұл туралы Airlineratings.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ең қауіпсіз 25 компания тізіміне енгендер: Air New Zealand, Qantas, Virgin Australia, Etihad Airways, Qatar Airways, Emirates, All Nippon Airways, Finnair, Cathay Pacific Airways, Alaska Airlines, SAS, Korean Air, Singapore Airlines, EVA Air, British Airways, Turkish Airlines, TAP Air Portugal, Lufthansa/Swiss Group, KLM, Japan Airlines, Hawaiian Airlines, American Airlines, Air France, Air Canada Group және United Airlines. AirlineRatings.com бас редакторы Джеффри Томастың сөзінше, бұл әуе компаниялары ұшу қауіпсіздігі, сондай-ақ инновация мен жаңа ұшақтарды іске қосу жағынан теңдессіз саналады. Томастың сөзінше Air New Zealand пен Qantas арасындағы күрес шиеленіске толы болды — екеуінің ұпай айырмашылығы бар болғаны 1,50 балл еді. Qantas компания әуе айлағының жасына байланысты көшбасшылыққа ие бола алмай қалды. Дегенмен, Qantas ұшақтар паркін өз тарихындағы ең ауқымды жаңартуға кірісіп, A220, A320, A321, A350 және 787 ұшағына тапсырыс берді. Олар алдағы үш жыл ішінде компанияға жеткізіледі. Томастың сөзінше, әуе желілерінің қауіпсіздігі рейтингін жасағанда редакторлар кейінгі бес жылдағы әуе апаттарын, екі жыл ішіндегі келеңсіз оқиғаларды, авиация саласындағы жетекші органдар мен алдыңғы қатарлы қауымдастықтардың тексерісін, мемлекеттік тексеріс, флоттың жасы мен жазғы құрам дайындығын талдайды. Келеңсіз жағдайларға келер болсақ, ол мұндай оқиғалар күн сайын барлық әуе компаниясында болатынын атап өтті және оның көбі әуе компаниясының эксплуатациялық мәселесіне емес, ұшақ пен қозғалтқыштардың өндірісіне байланысты.
«Біздің 2024 жылғы ең қауіпсіз 25 әуе компаниямыз үнемі қауіпсіздік жағынан инновация авангардында, технологиялық тұрғыда жетілдіру мен Airbus A350, Boeing 787 және 777-9 сынды жетілдірілген ұшақтарды іске қосу бойынша алда жүреді», - деп мәлім етті Томас.
AirlineRatings 2013 жылғы маусымда іске қосылды және өзінің ерекше жеті жұлдызды рейтинг жүйесін пайдалана отырып 385 әуе компаниясының қауіпсіздігіне, борттағы өнімдерге, ал пандемия кезінде COVID-19 талаптарына сәйкестігіне баға берді. Рейтингті 195 елдің миллиондаған жолаушысы пайдаланып үлгерді. Ол — әуе компаниясы өнімдерінің қауіпсіздік және рейтинг стандартына айналды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар