Еңбегі еленген батыр
Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы азаматарының қауіпсіздігі мен
тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген батырларды құрметтейтін ерекше күн.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінде келісімшарт бойынша қызмет ететін кіші
сержант Мақсат Дәуітаев ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша
департаменті Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының
инспекциялық-тексеру кешенінің аңа технигі бүгінгі күннің қаһарманы
атанды.
ИТК-мен жұмыс істеу үшін қыраңылық пен зейіннің тұрақтылығы,
жоғарғы білікті сияқы қасиеттер өте қажет. Аталған кешенді шекара өткізу
пунктерінде қолданудың алғашқы айларынан бастап оң нәтиже берді. Тек
2017 жылдың ақпан айында С.Дәуітаев автомобиль көлігінде жасырылған ірі
көлемдегі есірткі заттарын (героин) тасымалдаудың 3 фактісін анықтады.
2020 жылдың желтоқсаны шекара қызметінің кіші сержанты үшін өте
маңызды болды. ол ИТҚ-ны пайдаланып және кинологтың қызметтік итімен бірге жұмылдыра отырып күдік тудырған Қырғыз Республикасынан келе
жатқан ҚР азаматы «Ж» басқаруындағы «Toyota Prado» автокөлігін тексеру
кезінде бензинге арналған екі құтысынан «героин» есірткі затының аса ірі партиясын, салмағы 60 килограмнан асатын «героинді» анықтады.
Шекарашының жоғарғы кәсібилігімен қырағылығы болмағанда
ұлттық қауіпсіздігімізге келер залалды көзге елестетудің өзі қиын.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін кіші сержант М.Дәуітаев ҚР Президентінің 26.04.2021 жылғы №561 Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Жолдастарының айтуынша, Мақсат ҰҚК Шекарадағы қызметін қызыға атқарып, ақыл мен батылдықты тең ұстай біліп, шекара күзету өмірінің мәні екенін ашық айтады.
ҚР ҰҚК Төрағасы ұ.қ. генерал-лейтенанты К.Мәсімов салтанатты
жағдайда біздің батырды марапаттады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Өзбекстанда Сардоба ісіне байланысты 17 адам сотталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024