Жаңалықтар
Егер Президент сенім артса, сенімді өкіл болуға дайынмын - Мәулен Әшімбаев
- авторjambylinfo.kz
- 29 қыркүйек, 2022
- 219
Егер Президент сенім артса, сенімді өкіл болуға дайынмын - Мәулен Әшімбаев
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан президентін кезектен тыс сайлау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі болу мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Айта кетейік, 2019 жылы М.Әшімбав сайлау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі болған еді. Осы орайда бүгін палатаның жалпы отырысынан кейін тілшілер Сенат төрағасынан биылғы сайлауда қайтадан сенімді өкіл болуы мүмкіндігі туралы сұрады.
«Егер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы сенімді өкіл болуыма және басқа да өкілдірмен бірге сайлау науқанына қатысуыма сенім артса, онда бұл қызметті атқаруға дайынмын. Бұл іс-шаралар заң аясында өткізіледі», - деді М. Әшімбаев.
Сенат төрағасы заңнамада сенімді өкілдің міндеттері толық қамтылғанын айтты.
«Бұл нормалар заңда ескерілген. Егер осындай міндет жүктелсе, сайлау науқанына белсенді түрде қатысып, Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі тезистерін азаматтар мен қоғамға жеткіземін», - деді М. Әшімбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз